Динамикалық виртуалды машиналарды қолдау

Kaspersky Security Center динамикалық виртуалды машиналарды қолдайды. Егер ұйымның желісінде виртуалды инфрақұрылым орналастырылған болса, онда кейбір жағдайларда динамикалық (уақытша) виртуалды машиналар қолданылуы мүмкін. Мұндай машиналар, әкімші алдын ала дайындаған үлгіден ерекше атаулармен жасалады. Пайдаланушы жасалған машинамен біраз уақыт жұмыс істейді, ал виртуалды машина өшірілгеннен кейін виртуалды инфрақұрылымнан жойылады. Егер ұйымның желісінде Kaspersky Security Center орналастырылған болса, оған орнатылған Желілік агенті бар виртуалды машина Басқару серверінің дерекқорына қосылады. Виртуалды машинаны өшіргеннен кейін, ол туралы жазба Басқару сервері дерекқорынан да жойылуы керек.

Виртуалды машина жазбаларын автоматты түрде жою функционалдығы жұмыс істеуі үшін Желілік агентті динамикалық виртуалды машиналар жасалатын үлгіе орнатқан кезде VDI үшін динамикалық режимді қосу параметрін таңдау керек:

VDI үшін динамикалық режимді қосу параметрі Желілік агентті физикалық құрылғыларға орнатқан кезде таңдалмауы керек.

Машиналар жойылғаннан кейін Динамикалық виртуалды машиналардағы оқиғалар біраз уақыт бойы Басқару серверінде сақталуы керек болса, онда Басқару сервері сипаттары терезесінде, Оқиғалар қоймасы бөлімінде Құрылғылар жойылғаннан кейін оқиғаларды сақтау параметрін таңдап, күндердегі оқиғаларды сақтаудың ең ұзақ уақытын көрсету керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу